Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында 90 мың оқушы AmanSultan платформасы арқылы білім алуда

Атырау облысы бойынша 191 мектептің мұғалімі мен 50 мектептің оқушысы еліміздегі жетекші цифрлық білім беру платформаларының бірі – AmanSultan жүйесіне қосылып, білім көрсеткішін заманауи деңгейге көтеріп отыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Платформада орта мектеп пәндері бойынша 2000-нан аса анимациялық бейнеролик, 1500-ден астам интерактивті сабақ, сондай-ақ физика, химия, биология пәндеріне арналған 50-ден астам жаттығу құралы, 30 мыңнан аса интерактивті тапсырма және 5-11 сыныптар арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тренажеры бар.

- Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4-ші және 9 сыныптарға арналған МОДО тренажеры бар. «МОДО — 2025» жаңа әдістемесіне сәйкес 460 тапсырма әзірленген. Бұл — Қазақстанда алғаш рет және Amansultanда ғана жасалған дайындық тапсырмалары. Сондай-ақ платформаны қолданушы педагогтерге арналған аттестацияға жарамды біліктілік арттыру курстары бар,- деді облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.

Жүйеде жалпы 7 мыңнан астам мұғалім мен 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, платформаны белсенді түрде қолдануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT