Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Қазақстандағы қайғылы оқиғалар туралы айтты.
«Қайғылы қаңтар оқиғасы мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде әртүрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Ауыр қылмыс жасаған тұлғалар заңға сәйкес жазаланады. Басқа тұлғалар үшін Бас прокуратураға олардың кінәсінің дәрежесін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жазаны жеңілдету шараларын қабылдаңыздар», - деп жазды Мемлекет басшысы.