Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құлсарының 500-ден астам тұрғынына "Саламатты Қазақстан" пойызының дәрігерлері қызмет көрсетті

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары тұрғындарына 28 мамырға дейін тегін қызмет көрсетеді. Тек бір тәуліктің ішінде медицина қызметкерлері Құлсары қаласының 500-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті. Көшпелі бригадалар қаланың барлық эвакопункттерінде, сондай-ақ халықпен белсенді жұмыс жүргізілетін Мәдениет үйінің жанында қызмет көрсетуде. Пойыздың құрамында 40 маман - медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер. Дәрігерер қатарында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, Ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және урологтан бар. Қажеттілікке қарай, мамандар кішігірім ота жасау қызметтерән көрсетіп, жоспарлы емдеуге жолдама беруде.

Айта кетейік, "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 26 -28 мамыр аралығында Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді.

Тұрғындарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521