Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады atr.kz тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді. Қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың төмендегені байқалады.
Сонымен, қаңтар айында сырқаттану өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді, яғни миллионнан астам халық вакцинацияланды.
1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті. 27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинация жүргізілді. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді. Жалпы, халықты жоспарлы вакцинамен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын балаларды ауруханаға жатқызудың оң үрдісі байқалады. 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеу деңгейі 25%-ға төмендеген. Төсек қорының орташа қамтылуы — ел бойынша 52%. Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамту жоғары деңгейде сақталып отыр. Министрлік жағдайы ауыр бүкіл балаларға мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді.
«Ата-аналарды баласына қызылшаға қарсы екпе салдыруға шақырамыз. Вакцинация болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алууды ұсынамыз. Егер ауру белгілері пайда болса, асқыну болмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет. Егу және аурудың алдын алу немесе аурудың ағымын жеңілдету қызылшаның ауыр түрімен ауырғаннан гөрі жеңілірек» деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігінен.