Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

А» вирустық гепатиті әлемде кең таралған вирустық жұқпа

«А» вирустық гепатит вируспен шақырылатын әлемде кең таралған вирустық жұқпа. Вирус химиялық және физикалық факторларға өте тұрақты, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады. Аурушаңдық күзгі – қысқы кезеңде тіркеледі.

      Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнге (диапазоны 7-50 күн) созылады. Жұқпа (ауру) «А» вирустық гепатиті вирусымен ластанған су, тамақ, лас қолдар арқылы және тұрмыстық қатынас жолдары арқылы (жанұяда, мектептерде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында), әсіресе олардың қанағаттанарлықсыз санитарлық жағдайында жұғады. Ауру көзі «А» вирустық гепатитімен ауыратын адам.

     Аурудың бастапқы кезінде науқастар іш ауыруына, жүрек айнуға, құсуға, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымданады, кейбір науқастарда ұйқышылдық, сұйық нәжіс немесе іш қатуы байқалады. Науқастардың зәрінің түсі қоңырланады, нәжісі ағарады. Көзі қабығы және терісі сарғаяды.  

     Егер Сіз өзіңізде немесе балаңызда осы аталған белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

     «А» вирустық гепатитінің алдын алу стратегиясы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде және басқа да мекемелерде жұқпалы аурудың түрлі тұрмыстық қатынас жолдары арқылы таралуының алдын алу үшін ауыз су режімі мен жеке бас гигиенасын сақтауға арналған қарапайым жағдайларды жасауға аса көңіл бөлу арқылы  санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту болып табылады.

Облыс аумағында «А» вирустық гепатит аурушаңдығын төмендету мақсатында:

  • «А» вирустық гепатит аурушандығының тіркелуіне апта сайынғы мониторинг;
  • Сумен қамту, білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына қадағалау жүргізіледі.

         Облыста соңғы 20 жылда «А» вирустық гепатит аурушандығының тұрақты төмендеуі тіркеліп, 2002-2024 жылдарды салыстырғанда аурушаңдық 5,8 есе төмендеп отыр. 2002 жылы барлығы «А» вирустық гепатиттің 157 жағдайы тіркелді, ал 2023 жылы 27 жағдай. Аталған инфекцияның төмендеуі осы инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу арқылы қол жеткізілді.

2025 жылдың 2 айында облыс бойынша «А» вирустық гепатитінің  7 жағдайы тіркелді. 2024 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушылық 3,8 есе жоғарылап отыр (2024 жылдың 2 айында «А» вирустық гепатиттердің 24 жағдайы тіркелген). Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай тіркелді. 2 жағдайда ата-аналар екпеден бас тарту себебінен балалар аталған ауруға қарсы екпе алмаған.  

          «А» вирустық гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шарасы – бұл вакцина егу.

          Жоспарлы вакцинацияға 2 жастағы балалар жатқызылады. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша «А» вирустық гепатиті ошақтарында қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі және ремиссия кезеңінде созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар жатқызылады.

         Вакцинация алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вирусты гепатитпен белсенді күресу адамның өзінің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Аурудың алдын алудың басты шаралары:

  • ішуге тек қайнаған немесе бөтекеленген су ішу;
  • жеке бас гигиенасын қатаң сақтау;
  • балаларға жеке бас гигиенасын сақтауын үйрету (тамақтану алдында, дәретханадан, ойыннан кейін, тамақ дайындау алдында қол жуу);
  • жеміс - жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу;
  • үй ішінде тазалықты сақтау.

Сонымен қатар, жалғыз тиімді шара бұл балалардың 2 жаста жасалатын «А» вирустық гепатитке қарсы вакцинациясы.

Облыста вакцинамен басқарылатын инфекциялар (қызылша, көкжөтел, «А» вирустық гепатит) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларды толықтыра иммундау жұмыстары жүргізілуде.

     Вакциналар бойынша қажетті ақпаратты «egu.kz» сайтынан немесе жергілікті емханалардан ала аласыздар.

 

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА,

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының

орынбасары                                                                              

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT