Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

UTEBAYEV UNIVERSITY — АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕЙТИНГІНДЕ!

Халықаралық QS Quacquarelli Symonds агенттігі жариялаған QS Asia University Rankings 2026 нәтижесінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (UTEBAYEV UNIVERSITY) алғаш рет Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді!

Бұл – университеттің білім беру сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі еңбегінің нәтижесі. QS Asia University Rankings 2026 дерегіне сәйкес, Қазақстан 112 университеттің ішінен 44 оқу орнымен қатысып, Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұл — еліміздің жоғары білім беру жүйесінің қарқынды дамып, халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі. UTEBAYEV UNIVERSITY алдағы уақытта да аймақтық және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнын нығайтып, заманауи инженерлер мен зерттеушілер буынын даярлауды жалғастырады.

– Біздің мақсатымыз – халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде өз орнымызды айқындап, заманауи талаптарға сай инженерлер мен зерттеушілер буынын даярлау. Бұл жетістік – профессорлық-оқытушылық құрамның кәсібилігіне, студенттердің білімге деген құштарлығына және индустриялық серіктестеріміздің қолдауына берілген жоғары баға, – деді UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Бұл нәтиже – университет ұжымы үшін ғана емес, Атырау өңірі мен ел ғылымының жеңісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT