Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Студенттер Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірістік тәжірибеден өтеді

Атырау мұнай өңдеу зауытына Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғалымдары келді. Сапардың мақсаты – зауыт пен жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу. Орал қаласынан келген қонақтар алдымен «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың қабылдауында болды. Басқосуда мұнай-газ саласындағы кадр тапшылығы мен сапалы маман даярлау мәселелері талқыланды.

Зауыт басшысы еліміздің үштен бірін сапалы мұнай өнімдерімен қамтитын кәсіпорынға, инновациялық технологияларды жетік меңгерген мамандардың қажеттігін әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Қазір АМӨЗ-да өндіріске жас мамандарды тарту үшін 3 бағдарлама жүзеге асып жатыр.

Оған отандық және ТМД мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы оқу орындары атсалысуда. Кейін ғылым өкілдерінен құралған делегация зауыттың жұмысымен, шығарылатын мұнай өнімдерінің түрлерімен танысып, өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған жобалардың нәтижелері туралы ақпарат алды. 80 жылдық тарихы бар кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында АМӨЗ бен ҚИжТЖУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес оқу орнында «автоматтандыру және басқару», сондай-ақ, «электрэнергетикасы» мамандықтары бойынша білім алатын атыраулық студенттер алдағы 5 жылда АМӨЗ-де өндірістік практикадан өтеді. ҚИжТЖУ Ректоры Әліби Баяхов екіжақты ынтымақтастықтың тиімді болатынына сенім білдіріп, зауыттықтарға университет қабырғасында білімін шыңдауды ұсынды. Бүгінде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде 800-ге жуық атыраулық студент білімін шыңдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT