Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Айналайын" тобы белсенділік танытты

«Нұр-шуақ» бөбекжай балабақшасында «Ерте жастағы жан-жақты даму келешектегі жетістіктердің кепілі» тақырыбында «Айналайын» тобында балабақшаішілік семинар өтті.

Семинарды ерте жас «Айналайын» тобының тәрбиешісі Таңсұлу Хайрова «Түрлі-түсті гүлдер» тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырды. Оқу іс-әрекетін «Гүлдер қалай тараған» ертегі желісі бойынша сиқырлы гүлдерді суға салғанда ашылып әдемі гүлдер пайда болатынын көрсетсе, одан әрі «Өз жолын тап» ойынымен жалғасты. Бүлдіршіндер ойынға белсенді араласу арқылы ойынға қызығушылық танытты. 
    Одан соң, балалар суға толы бөтелкенің сыртындағы гүлдерді бөтелкені қатты шайқау арқылы бояп, «Бейнесін сал» деген ойынмен, түстерді ажырата білді. Шара соңында аталмыш топ тәрбиешісі Таңсұлу Хайрова бүлдіршіндерге тәттілер таратты. Тілдері енді шығып, былдырлаған бүлдіршіндерге ата-аналар алғысын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарады.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз