Бүгінде аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың екі түрі бекітілген.
Біріншісі, шартсыз ақшалай көмек. Ол жанұя құрамында еңбекке жарамды адам болмағанда беріледі. Мәселен, зейнеткер немесе мүгедектерге. Сондай-ақ, отбасының еңбекке жарамды бір мүшесі бола тұра, ол белгілі себептерге байланысты жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылса тағайындалады. Яғни, мектеп жасына жетпеген балалары бар жалғызбасты анаға, т.б.
Екіншісі, шартты ақшалай көмек. Ол жанұяда еңбекке жарамды адам (отбасын асыраушы) болса да, оның әлеуметтік келісім-шарты бұзылса, нақтырақ айтқанда, табысынан айырылса беріледі. Шартты ақшалай көмек қолдаудың үш түрінен тұрады: ақшалай жәрдемақы, еңбекпен қамту және мұқтаждыққа байланысты әлеуметтік қолдау пакетін ұсыну.
Ал, тұрғын үй көмегінің берілу тәртібі мынадай:
Ол аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақыны төлеу үшін беріледі. Ал аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен қосымша көмектер тағайындалатынын айта кетейік:
– жергілікті атқарушы орган тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды анықтайды;
– жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек беріледі;