Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына мұғалім ретінде ерекше қолдау білдіремін. Өйткені сапалы білім берудің басты шарты – оқушыға қолайлы, қауіпсіз және заманауи оқу ортасын қалыптастыру. Бұл жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтып, барлық балаға тең мүмкіндік беруге жол ашады.
800 мың оқушының жаңа мектептерде білім алуы – ұлт болашағына жасалған үлкен инвестиция. Жаңа мектептер тек ғимарат емес, олар – жаңа идеялар мен шығармашылықтың ордасы. Сондықтан ұстаздар қауымы бұл бастаманы жүзеге асыруға белсенді атсалысып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына өз үлесін қоса береді.
Гүлшат ҚАЛИ,
мұғалім