Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысының прокуроры Б.Жұмақановтың бұйрығымен Орынбасаров Ғарифолла Жамбылұлы Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ғ.Орынбасаров – 1993 жылы Атырау облысы, Миялы ауылында дүниеге келген. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте білім алып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Атырау облысы прокуратурасының бас маманы, Атырау қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры және Қызылқоға ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

1-ші сыныпты заңгер.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521