Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Adal kómek» азаматтарға заңдық тұрғыда көмектеседі

Аймақта «Adal kómek» жобасы басталғалы бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 250-ден астам заң консультациясын өткізіп, 2000-нан астам азамат кәсіби заң көмегін алды. Сарапшылар ретінде заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, қалалар мен аудандардың әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және тағы басқалары сөз сөйледі. Ал бұл жобаның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету.

«Электрондық поштаға, мессенджерлерге күн сайын кейбір заңнамалық нормаларды түсіндіру бойынша 10 өтініш келіп түседі. Осыған орай, Департаментпен өтініштің сипаты мен түрі бойынша сұрақтар сараланып, әрбір мәселе егжей-тегжейлі пысықталып, тікелей эфирлер өткізіледі. Мысалы, биыл 23 қыркүйегінде Мемлекеттік қызметке орналасуға қатысты сұрақтар санының артуына байланысты Департаментпен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы С.Мүксімовпен тікелей эфирде кездесу ұйымдастырылды. Тікелей эфирге Facebook әлеуметтік желісінің 1000-нан астам пайдаланушысы қатысты», - дейді Департамент мамандары.

Айта кетейік, «Adal kómek» жобасы шеңберінде сурдоаударма бойынша маманды шақыру арқылы ымдау тілінде құқықтық кеңес беру іске қосылды. Сондай-ақ, сурдоаудармашының қатысуымен түсіндіру сипатындағы бейнероликтер әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT