Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауларында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, қағаз қолданбайтын ауруханаға көшу арқылы медициналық көмектік қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігін атап айтқан болатын.
Осыған орай, аудан бойынша биылғы жылдың соңына дейін барлық медицина ұйымдары науқастар туралы жазба жүргізуде қағазсыз форматқа көшеді. Енді пациенттердің өздерімен бірге науқастығы туралы амбулаториялық қартасын дәрігер жолдамасын алып жүруінің қажеттілігі болмайды. Ол үшін әрбір емхана мен аурухана жеткілікті көлемде компьютерлік құралдармен жабдықтануы және жоғары жылдамдықпен ғаламторға шығуы тиіс. Қазір біздер осындай тапсырмалар алып, озық әдісті енгізіп жатырмыз. Осыған дейін медицина қызметкерлері жұмысының азабы үлкен еді. Барлық жұмыс қолмен жасалады. Науқасты емдеуден көрі оның қағазын жазуға көп уақыт кететін. Тіпті дәрігерлер бар деректі қағазға түсіріп, одан денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және денсаулық мекемесінің жеке ақпараттық жүйесіне енгізіп уақытын кетірмейді. Ал, цифрлы жүйе қолданылса мұның бәрінен арылады. Дәрігер өз алдына келген пациенттің ауру тарихын сұрастырып отырмайды. Барлық мәліметті қазір интернет арқылы ЖСН мен цифрлы қолтаңба бойынша Қазақстанның кез келген жүйесінде дамыту мүмкіндігі туды. Осы мақсатта, биылғы жыл басынан бері медициналық ақпараттың жүйелерді (МАЖ) енгізу бойынша жұмыстар қолға алына бастады.
"КАЗМЕД ИНФОРМ" бағдарламасы бойынша медицина қызметкерлерінің арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары басталып, жаңа цифрлы сапаға электронды құжат айналымына көшу үрдісі жүруде. Медициналық қызметкерлер оқытылып, үйретіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында «Қағазсыз аурухана» және «Кезексіз емхана» жобалары қолға алынуда.
"Қағазсыз аурухана" жобасы бойынша тәуліктік және күндізгі стационарға жатқызу кезінде тапсырылатын керекті зерттеу тағайындалымдары қағазтасығышта емес "КАЗМЕД ИНФОРМ" бағдарламасына енгізіліп, электронды түрде базада сақталып отырады. Ал, қазіргі таңда "Кезексіз емхана" жобасы бойынша пациенттердің үйден шықпай-ақ дәрігерлердің қабылдануына жазылу және дәрігерді үйге шақырту қызметтері "КАЗМЕД ИНФОРМ" бағдарламасының "К врачу" қосымшасы мемлекеттік және ресми тілдегі нұсқаларымен дайындалған IOS және Android қолданушылар арқылы қолжетімді.
Сонымен қатар, науқастарға дәрігердің берген тағайындаулары мен рецептілерін қарау мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарламалардың артықшылығы медициналық қызметтің онлайн режимінде қолжетімдігі болып отыр. Бұл тұрғындар денсаулығының профилактикасы үшін маңызды. Ол дәрігерлер мен науқастардың да уақытын үнемдейді. Көрсетілетін медициналық қызметтің автоматты түрде жүргізілу тиімділігімен ерекше. Бұл ақпараттық - техникалық қызмет аптасына 7- күн тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайды.
Енді көпшілік халық үйден шықпай-ақ қалта телефоны арқылы қалаған дәрігердің қабылдауына өтініш бере алады. Жалпы цифрлық жүйенің көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, қандай да бір дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылып науқас дәрігер мамандарды ескертіп қабылдау уақытын өзгертуге мүмкіндігі бар. Бұл екі жақтың да уақытын алмайды. Есесіне дәрігерлер басқа тұрғындармен жұмыс істейді. Медицина саласын цифрландыру - дәрігерлік қызметтің қолжетімділігі мен оның сапасын арттыра түсері сөзсіз. Енді біз бірнеше сағаттап дәрігер қабылдауын күтпей емделуге оңай қол жеткізетін боламыз. Ауданымыздағы денсаулық сақтау салаларындағы бірыңғай ақпарат¬тық жүйеге көшу жұмыстары қараша айында толық аяқталып, келер жылдан бастап емханалар тек сандық техноло-гиялар негі¬зінде жұмыс істемек.
Меруерт ОРЫНБАСАРОВА,
Аудандық орталық аурухананың статистикалық кабинет меңгерушісі.