Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Жасыл энергия” көзі

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында АЭС төңірегіндегі даудың нүктесін қойды десек те болады.

Себебі, ел тарихындағы маңызды шешімдердің барлығы халықтың тікелей қатысуымен өтуі керектігін баса айтты. Жасыратыны жоқ жұртшылықтың ішінде сан алуан пікір жүр. Бірақ, эмоцияны жиып, ақылға салсақ, жүйелі шешімдер өзі-ақ алдыға шығып келеді. Менің пайымымша, АЭС-ті салу ел экономикасындағы жаңа қадам деп есептеймін. Себебі, жарты әлем «Жасыл энергия» деп жар салғанымен, қажеттілікті толық өтей алмайды.

Сондықтан, «тек қана жасыл энергияға көшуіміз керек» деп жүрген адамдардың пікірі орынсыз деп ойлаймын. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, қазіргі таңда ғаламшардың 32 елінде 440-тан астам АЭС жұмыс жасап тұр. Тіпті, АҚШ-тың бір өзі 100-ге жуық осындай атом станцияларынан қуат алып отыр. Ал, тарихта болған апаттардың көбі дерлік адами қателіктердің кесірінен. Осыларды ойға ала отырып, білікті мамандар қызмет қылса, АЭС-тің зиянынан гөрі, пайдасы орасан зор екені айдан анық. Жаңа бастамадан қорықпай, алға жылжуымыз керек. Себебі, өткен күнмен өмір сүре берсек, көмірден әрі аса алмай отыруымыз әбден мүмкін. Бүгінгі күні, АЭС-ті қай ел салса да, халықаралық ұйымның бақылауында болатынын қаперде ұстаған жөн. Бар әлеммен біріге отырып, экономикалық тұрғыда алға қадам басудан тартынып қалмағанымыз абзал. Сонда ғана көк туымыз көкте желбіреп, егемендігіміз тұғырлы болмақ!

Сайлаубай Таласов,

аудандық “AMANAT” партиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521