Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРНАР – САҒЫЗДЫҢ «ТҮЙЕ БАЛУАНЫ»

Бүгін Сағыз ауылындағы спорт кешенінде округ әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түйе балуан» жарысы өтті.

Ауыл спортын көтеріп, жастарды спорт арқылы бірлікке шақыру мақсатында ұйымдастырылған жарыс 75 және +75 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары Әйгерім Кеңес, ардагер спортшы Ақниет Жанбосынов, Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Асылбек Қалиев, Ұлттық дәрежедегі төреші Айболат Қанашовтар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін сағыздық балуандар боз кілемге шығып тартысты белдесулерді бастап кетті. Жарыс нәтижесінде 75 келі салмақта Нұрсәт Жайжан топ жарса, Азамат Құлжанов екінші, Эльдар Толыбай үшінші орынды жеңіп алды. Бұл жарыстағы ең қызықты бәсеке «Түйе балуан» сайысы болды. Аталмыш сында өзінен салмағы ауыр балуандарды ұршықша иіріп, ептілігімен жанкүйерлерді сүйсіндірген Ернар Қабдығалиев жеңімпаз атанса, Дәурен Кәдірбек екінші орынға ие болды. Үшінші орынға Ерұлан Серіков қол жеткізді. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Суретті түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT