«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ғұлама Әбу Насыр Әл Фараби бұл бағытта қай уақытта болсын баланың тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан.
Қоғам үшін ең басты нарсе – тәуелсіз болуында, ал адам үшін оның бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүруі. Оның негізгі кепілі – заң. Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау. Зорлық-зомбылыққа карсы күрес жүргізу. Бала тәрбиесінде тәрбиелікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылдыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты. Заң талаптарына сай, ауданымызда зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Бұл қоғам, отбасы, жеке тұлға бәріне ортақ мәселе. Осы жағдайдың орын алуы әрине отбасынан басталады. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақ отбасының дәстүрлері мен арман мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Әлбетте, бала – біздің болашағымыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастырып осы өмірде өз орнын қалыптастыру, барша ата-ананың міндеті. Бұл міндет – әрбір отбасында сақталып, өз орнымен жүруі заңдылық. Зорлық-зомбылықты бала өз отбасында көруі – ол күнделікті өмірдің тіршілігі деп, болашағын солай қалыптастырады. Әр адамның баласы ол өзінің көшірмесі болып саналады, яғни бала ата-ананың күнделікті тіршілігінен өнеге алып, болашақта әртүрлі қоғамның келеңсіздіктеріне соқтығысып жатады. Елімізде өмірдің қиын жағдайларына тап болған отбасындағы балалардың зардап шегуі көптеп белең алуда. Жоспарланбаған отбасын құру мәселесінде ата-ананың ажырасуы көбеюде және жұмыссыздық, нашар әлеуметтік жағдай, ұрыс-жанжал отбасындағы баланың қатыгез, мейірімсіз болуына әкеп соқтыруда. Тұрмыстық және отбасындағы зорлық-зомбылық адам жаны мен тәніне, психологиялық дамуына әкелетін зардабы өте көп. Балаға отбасында ата-ана, ата-әжесінің тәлімді тәрбиесінің әсері мол. Әрбір келеңсіздіктен және әрбір жоқшылықтың шығар жолы бар.
Егер ата-ана отбасындағы келеңсіздіктерді сабырмен жеңе білсе, ақылмен шеше білсе, ол отбасында тәрбиеленуші бала зорлық-зомбылықсыз, бақытты өмір сүреді. Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Бүгінгі күннің талабы, баланың барлығы бірдей, әрі тең құқылы. Өмірге бала әкелдіңіз бе? Балаңызды саналы етіп өсіріңіз. Жақсы тәрбие беріңіз. Сонда болашағыңыздың жемісін көрерсіз.
Құрметті, Ата-ана!
Қатыгез бала – өз ұрпағыңыздың қас жауы! Ата-аналардың жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке толы болса – балалардың көңілі тоқ, көйлегі көк, әдепті, инабатты, еңбекқор болатындығы сөзсіз.
Бекзат ҚАРЖАУҰЛЫ
ЮПТ-ның аға УПИ-ы полиция майоры
Сурет: ашық дереккөзден