Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жолда қабылдау»: 100-ге жуық тұрғынның өтініші қабылданды

Атырауда 16 шілде күні “Жолда қабылдау” республикалық акциясы Авангард ықшам ауданының соңғы аялдамасында өткізілді.

Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция, Тәрбие және кадр бөлімі және Көші-қон полиция қызметкерлері акцияның бірінші күнінде 100-ден аса қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті. Тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңес алып, ұсыныс-талаптарын жеткізді.

Мәселен, акция барысында сауалдардың басым көпшілігі жол белгілерінің қойылу заңдылығы, келіп түскен айыппұлдар, заңсыз көші-қон мәселесі және жұмысқа орналасу үшін қажетті ақпараттар туралы қойылып, барлық сауалдарға жауап берілді.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан кейбір көше қиылыстары мен өткелдеріне жол белгілері мен жасанды жол кедергілері қажеттігі жөнінде ұсыныстар түсіп, қабылданды. Айта кету керек, бұл акция халық пен полиция қызметкерлері арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға және сенімділікті арттыруға бағытталған. Тәртіп сақшылары тұрғындарға, жол қозғалысына қатысушыларға заң аясында кеңес беріп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол-көлік оқиғасының алдын алу және оны болдырмау мақсатында түсіндірме, профилакталық жұмыстарын жүргізіп, сұрақ қойған тұрғындармен кері байланыс орнатты. Акция 17 тамызға дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521