Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмысшы мамандықтар – экономиканың жүрегі

Барлығымыз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл осындай мамандықтардың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, оларға лайықты құрметін қайтаратын маңызды қадам.

Жұмысшы мамандықтар экономиканың негізі, ал білім беру мекемесі ретіндегі біздің міндетіміз заманауи технологиялар мен озық білімді енгізе отырып, елді дамытатын жоғары білікті мамандар даярлау. Біздің мемлекетіміз еңбек адамының мәртебесін нығайту үшін дәйекті түрде жұмыс істеуде. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" сияқты жаңа заңдардың қабылдануы біздерге, яғни, мұғалімдерге білім беру бағдарламаларын уақыт талабына сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл біздің студенттерге озық технологиялармен жұмыс жасай алатын және болашақта оларды құра алатын үлкен перспективалар ашады. Біз колледжде студенттерге кәсіби дағдыларды ғана емесжауапкершілік, адалдық және кемелдікке ұмтылу сияқты құндылықтарды сіңіруге тырысамыз. Оқытушылар кадрларды даярлау сапасымен шектеліп қалмай, өз идеяларын енгізуі керек. Келесі жылы техникалық мамандықтар мен технологиялар лайықты бағасын алатын бетбұрыс болады.

Бағыт Шеркешбаева,

Саламат Мұқашев атындағы жоғары политехникалық колледжінің директоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT