Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЗЕРДЕЛІ ОҚУШЫНЫҢ ӨРІСІ КЕҢ

«Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек» деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау- ында. Бұл ретте шәкірттердің зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамытып, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру зор маңызға ие. Бүгінде қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында бірқатар жобалар да бар. Солардың бірі - «Зерде» ғылыми-жобалар конкурсы.

Өткен аптада 2-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде индерлік оқушылар жеңіс төрінен көрінді. Атап айтсақ, М.Сиранов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Аделья Шайдолла (жетекшісі Г.Сәрсенғалиева), 3-сынып оқушысы Гүлсезім Сәметқызы (жетекшісі Ж.Даулетова) мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Мадина Сатыбалдықызы І орынды (жетекшісі Н.Жұбандықова) жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, «Көктем» қазақ орта мектебінің 5-ші сынып оқушысы Олжабай Әмір (жетекшісі Г.Нариманова) мен Махамбет атындағы орта мектептің 5- сынып оқушысы Мырзахан Асқар (жетекшісі А.Ележанова) ІІ орынды еншіледі.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT