Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢСІЗДІК  ШЕШІЛУІ ТИІС 

сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі цифрлық теңсіздік мәселесін ерекше атап өтті. Бұл – бүгінгі күннің ең өзекті, әрі терең әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелетін мәселелерінің бірі.

Цифрлық технологиялардың дамуы көптеген мүмкіндік  ашып жатқанымен, еліміздің әрбір өңірінде бұл мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізу мүмкін болмай отыр. Әсіресе, шалғай ауылдар мен шағын қалаларда интернет сапасының төмендігі, техникалық құралдардың жетіспеушілігі, цифрлық сауаттылықтың төмендігі айқын сезіледі. Бұл жағдай білім, жұмыс, медицина, мемлекеттік қызметтер сияқты маңызды салаларда халықтың тең мүмкіндік алуына кедергі келтіруде.
Мемлекет тарапынан цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мектептер мен ауылдарды интернетпен қамту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында нақты қадамдар жасалуы керек. Бұл бағыттағы бастамалар ел ішіндегі мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етіп, жастардың білімге, кәсіпке, жаңа технологияларға еркін қол жеткізуіне жол ашады.
Тілек БУРАБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT