Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түбіртекті талап етіп, жүлдеге ие бол!

Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталғандығын хабарлайды.

Акция жыл соңына дейін жалпы республикалық іс-шараның аясында өткізілуде. Негізгі мақсат - Азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеріп, халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру. Азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеп, Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру.

Бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейтіп, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту. Кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру. Акция электрондық форматта, көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз Apple App Store және Google Play Market арқылы көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады. Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады. Ендеше, Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аудан қонақтарымен тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырады.

Бекзат СҮЙІНОВ,

Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521