Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Некеге тіркелу азайып, неке бұзу көбеюде

Отбасы – мемлекеттің іргетасы.

Сол іргетасты дұрыс қалау өзіміздің қолымызда. Елімізде бір жылдың ішінде шаңырақ көтерген отбасылардың үштен бірі ажырасып кетеді екен. Мәселен, 2018 жылы 184 отбасының некесі қиылып, 27 отбасы ажырасса, өткен жылы 162 жұп үйленіп, 32 неке бұзылған. Ажырасқан отбасыларындағы ерлердің жас шамасы 21-35 жас аралығында болса, әйелдердің жастары 20-26 жас аралығында. Бұл неке бұзушылардың көбі жас отбасылар екендігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, некеге отырушылар жыл өткен сайын азайып келе жатса, керісінше неке бұзушылар саны көбейіп барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылы 345 отбасы некеге отырса, 11 шаңырақ ажырасқан. Ал, 2001 жылы 258 неке тіркеліп, 17 неке бұзылса, өткен жылы 162 жұп отау құрып, 32 отбасының шаңырағы шайқалған.

Екі жас арасындағы түсініспеушілік, сыйластықтың, кешірімділіктің жоқтығы, баспана, қаржы, жұмыссыздық – осының бәрі ажырасуға себепші болып отыр. Бөлімге ажырасуға өтінішпен келген ерлі-зайыптылармен әңгімелесіп, мүмкіндігінше қайта татуластыруға жұмыстанамыз. Кейде түсінік жұмысының арқасында олар қателіктерін сезініп, өтініштерін кері алып кетсе, кейбірі өз дегендерінен қайтпай ажырасып тынады. Бұл ретте, аудандағы кәсіби емес медиаторлардың тигізер көмегі өте көп.

Өйткені, медиаторлар отбасы арасындағы дау-дамайларды тыңдап, оларды келісімге шақыруда жақсы жұмыстар атқаруда. Ерлі-зайыптылардың ажырасуынан бірінші кезекте олардың балалары зардап шегеді. Және бұзақылық, тәртіпсіздік те осы балалардан көп кездеседі. Өйткені, баланың тәртібін қарауға жалғыз басты анасының уақыты бола бермейді. Баланың қысылғанда қол созатын әкесі бөлек тұрса немесе араласпайтын болса бала шешімді өзі табуға тура келеді. Сондай-ақ, әкесіз өскен бала ұрлық жасауға да жақын тұрады.

Себебі, оның қажеттілік туындағанда қаражаты болмай анасының тауып беруге мүмкіндігі болмаған уақыттарда ұрынып қалуы мүмкін. Кейде жаңадан отау құрған жастар арасында бір жылға жетпей ажырасып жататындар да кездеседі. Бұл ащы да болса шындық. Олар өмірге жеңіл әрі сенімділікпен қарайтындықтан жұбайлық өмірде кездесетін қиындықтарға дайын болмайды. Бұл ретте, жаңадан отбасын құрған жастардың жанұялық өмірді түсініп, жарасып кетуі үшін жан-жақтан көмек жасап білмегендерін үйретіп, ақыл-кеңес беріп отырсақ шаңырақтың шайқалмай, балаларды әкесіз немесе анасыз өсірмеуге септігіміз тиері анық.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз