Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫ ТАРТУ - НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Айнұр Енсегенова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Экономика және құқық" факультетінің бітіруші түлектерімен кездесті.

 

​Кездесудің басты мақсаты – талантты, қабілетті, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың бойында мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. ​ 

 

Кездесу барысында Айнұр Енсегенова конкурстан тыс тағайындаудағы жаңашылдықтар (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 3,33 GPA жоғары), мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы ақпарат берді. 

 

Осы ретте, кездесуде 2024 жылы конкурстан тыс Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманына тағайындалған Аралбай Дулат Берікұлы келіп, түлектерге мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер бойынша тәжірибесімен бөлісті.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан түлектердің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша

департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT