Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰҚЫРДА ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Ерікті дегеніміз – адамның өз еркімен қоғамға көмек беріп, ақысыз жұмыс істеуі.

Осы мақсатта Мұқыр ауылында «Иман жастары» еріктілер тобы құрылып, алғашқы жұмысын «Аманияз ата» мешітінің имамы Мұхаммед Сапарұлының бастауымен «Берекелі жұма» қайырымдылық ақциясынан бастады. Соған сай ерікті жастарымыз әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыны бір апталық азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алғыстарын алды. «Қайырымды болсаң, қайырын көресің» демекші, ауызбіршілікке жұмылған еріктілеріміз осындай қарқында жұмыс істесе, алдағы уақытта бұл бастама жалғасын тауып, үлкен нәтиже көрсетері анық.

Ендеше, игі амалдардың жүзеге асуына ықпал етіп жүрген жастарымызға сәттілік тілеп, жұмыстарын сауапқа жазсын демекпіз.

Әсем ҚАСЫМ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521