Адал еңбек – әр заманда асыл қасиет саналған. Қоғамда мойындалған қандай жетістік болса да, соның түбінде қарапайым еңбек иесінің тынымсыз тірлігі, маңдай тері тұрады. Бүгінде ел ішінде көп көзге көрінбей, үнсіз қызмет етіп жүрген жандар бар – олар жұмысшы маман иелері. Тіршіліктің тоқтаусыз ағып тұруы, ауылдың көркеюі, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы – дәл солардың үлесімен тікелей байланысты.
Мен өзім де мемлекеттік қызмет саласында көп жыл еңбек еткен жан ретінде айтарым: жұмысшы мамандық ешқашан өзінің құндылығын жоғалтпайды.
Бүгінгі таңда ел ішінде көзге көп көрінбесе де, елге сіңірген еңбегі орасан жандар – дәл осы қарапайым маман иелері.
Олар – күн сайын таңмен таласа тұрып, елдің қажеті үшін тынымсыз еңбек ететін азаматтар. Олар – далада жүріп, техниканы жүргізіп, тіршіліктің тоқтамауына себепкер.
Олар – қаланған әр кірпіштің, тартылған әр сымның, тазартылған әр көше мен жолдың артында тұрған жандар.
Осындай еңбек иелері – мақтауға да, марапатқа да лайық.
Жастарымыз да осы еңбек адамдарының жолын үлгі тұтып, нақты кәсіпке бет бұрып жатса – бұл ел болашағы үшін үлкен қуаныш.
С.Шотпақов
Мемлекеттік қызмет ардагері