Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбек еткен - еленеді

Қай кезеңде болсын ел экономикасының қозғаушы күші – еңбек адамы. Бүгінгі таңда сол адал еңбектің иесі болып жүрген жұмысшы мамандардың қоғамдағы орны ерекше. Олар – өндірісте, құрылыс алаңдарында, ауыл шаруашылығында, жол жөндеу, электр, сумен қамту, коммуналдық қызмет секілді маңызды салаларда тер төгіп жүрген ел тірегі.

Махамбет ауданында да мұндай жандар жетерлік. Жол жөндейтін техниканы жүргізетін жүргізушілер мен механизаторлар, шеберлігімен таңдай қақтыратын дәнекерлеушілер мен электриктер, көпшілікке қызмет көрсетіп жүрген сантехниктер мен құрылысшылар – күн сайын көзге көрінбейтін, бірақ аса қажет жұмыстың бел ортасында жүр.

Олар таңның атысынан кештің батысына дейін тыным таппай еңбек етеді. Жазда егін алқабында, қыста жол ашу техникасында, ауылды жарықпен, сумен қамтамасыз ететін желі бойында — осы маман иелері. Ауылда әрбір үйдің іші жарық, сыртқы жолы тегіс, суы жүріп тұрса — ол да сол еңбек адамдарының арқасы.

Мұндай мамандықтар иесі – көбіне көзге көріне бермейді, бірақ ел тіршілігі дәл солардың еңбегіне тәуелді. Сондықтан олардың әрқайсысы құрмет пен қолдауға әбден лайық. Бұл – тек күнкөрістің жолы емес, бұл – қоғамға қызмет етудің нақты жолы. Қолымен істеп, еңбегімен елге үлгі болған азаматтар – қазіргі жастар үшін шынайы үлгі.

Мемлекетіміз де жұмысшы мамандықтарға ерекше көңіл бөліп отыр. «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту», «Жастар практикасы», «Ауыл аманаты» секілді бағдарламалар арқылы жұмысшы кадрларын даярлауға басымдық берілуде. Ауданымыздағы колледждер мен оқу орындарында да осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Бүгінгі таңда тек диплом емес, нақты кәсіп иесі болу – өмірлік артықшылық. Сондықтан жастарымызды осындай игі жолға шақырып, жұмысшы мамандықтың абыройлы, сұранысқа ие екенін жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Айзада БАЙҒАЛИЕВА,

Махамбет аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT