Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨРШІСІ АШ КЕЗДЕ, ТОҚ ТҮНЕЙТІН БІЗДЕР ЕМЕС

Құрбан айт мерекесінде мұсылман баласы ерте тұрып, таза киімдерін киіп, хош иіс әтірлерін сеуіп, мешітке барады.

Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне айттап қыдырады. Әрине, осындай қалыптасқан дәстүр болғанымен, қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты биылғы құрбан айт мерекесі өзгеше тойланады. Дүниені дүрбелеңге салған дерттің салдарынан биыл мешіттерде Айт намазы оқылмайды. Құрбан шалуда да адам санын көбейтпейтіндей ұтымды жолдарын қарастырып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жаңа жүйе енгізді. Яғни, елімізде карантиндік шаралар күшейтілу себепті онлайн-режимде өтетіні белгілі болды. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.

Өйткені, қазіргідей індет өршіп тұрған шақта топтасып жиналу, бір-бірінің үйіне қонақ болу дұрыс емес. Негізінен, садақа беру, құрбандық шалу әр адамның ниетіне, пейіліне қарай. Яғни, онлайн түрде берсеңізде сізге тиер сауабы мол. Сондықтан, ел тыныштығы, бас амандығы үшін беретін мұсылмандық міндетіңді орындау парыз.

Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені: «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес»; «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың»; «Мұсылмандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа мүшелірінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады», – деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Діни мереке кезінде сақтық шараларын сақтау өзіміздің денсаулығымыз, амандығымыз үшін қажет. Алдағы күндерде індеттен төрт көзіміз түгел шығып, аман-есен қауышуды жазсын.

Мереке АЙЖАРЫҚОВ,

Ойыл ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521