Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«InderKezCamp» волонтерлік лагері ұйымдастырылды

Мемлекетті қалыптастыру жолында азаматтық қоғамның алар орны ерекше. Осы азаматтық қоғамның жолын ашар волонтерлік қызмет әрбір адамның қанатын қатайтып, болашағын нықтай түседі.

Волонтерлік жұмысты жандандыра түсуде мемлекет басшысы өзінің Жолдауында нақты міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл бағытта өлкемізде түрлі шаралар атқарылуда. Осыған орай Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен аймақтағы 16-35 жас аралығындағы жастарға арналған «InderKezCamp» күзгі волонтерлік лагері ұйымдастырылды. Индер ауданына қарасты Елтай ауылдық округінде орналасқан «Жас өркен» балалар лагеріне жиналған 100 жуық жас 6-7 қазан күндері волонтерлік қызметтің қыр-сырымен терең танысуға мүмкіндік алды. Бір-бірімен тәжірибе алмасты.

-Шараның негізгі мақсаты Атырау облысында волонтерлардың жұмысын дамыту. Оларды түрлі дағдыларға үйрету. Өздеріңіз білесіздер 2020 жылы пандемия және күні кешегі болған су тасқыны кезіндегі қауіптің алдын алуда волонтерлардың көмегі ұшан-теңіз болды. Ол жерде жас, кәрі деп талғаған жоқ. Мектеп оқушылары, студенттері де үлкендермен бірге өз көмектерін көрсеткен болатын.Осы волонтерларды ары қарай дамыту, үйрету мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы қолға алды,-дейді облыстық «Жаныңдамын» қоғамдық қорының директоры Мира Есниязова.

Соңғы жылдары волонтерлік жұмыс білім беру мекемелерінде кеңінен қанат жайып келеді. Олардың бірқатары екі күндік семинарға өзге құрбылары секілді қатынасып жаңа жобаларды дайындап, қорғап шығуға мүмкіндік алды. Тәжірибелі волонтерлармен пікір алмасып өздерін толықтырды.

Солардың бірі Индер ауданы Қабижан Абақанов атындағы орта мектеп оқушысы Мейрамгүл Орынғали. Ол осы жолы да өз жобасын таныстырды.

-Төрт жыл ішінде қарт кісілерге көмектестік. Ерекше балаларға көмек жасадық. Мен осы лагерге келу арқылы біраз нәрсе үйрендім. Ең алғашқы тренинг болды ғой, ерекше әсер алдым. Волонтер болғанда орта құрасың, сол кезде адамдармен танысып, тез тіл табысып кетуді үйреткен болатын. Кезең-кезең арқылы өткізілген тренингтер арқылы жаңа-жаңа нәрселер үйрене бастадық. Топпен жаңа жобалар қорғадық. Соның бәрі бізге көп көмектесті деп ойлаймын,-дейді жас волонтер.

Екі күнге созылған волонтерлік лагерьде жас достар алдағы уақытта да өздері үйреніп шыққан жобаларды қарапайым өмірде жүзеге асыруға бекініп отыр.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT