Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда полиция "Адам саудасын бірге тоқтатамыз!" атты ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді

30 шілде - дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері теміржол вокзалында арнайы "Адам саудасын бірге тоқтатамыз!" атты ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында тәртіп сақшылары жолаушылар мен қала тұрғындарына адам саудасының қауіптілігі, оның түрлері мен белгілері туралы мәлімет беріп, аталған жағдайдан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға бағытталған жадынама парақшалар таратылып, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Акцияның басты мақсаты — қоғамда адам саудасы туралы түсінікті қалыптастыру, қылмыстың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Атыраулық полицейлер адам саудасына байланысты қылмыстың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі сұрақтар бойынша "102" нөмірі бойынша немесе "116 16" сенім телефонына хабарласу қажеттігін ескертеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT