Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА ЖОЛ АШАДЫ

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын. Бүгінде аталмыш жоба аясында ауданда біраз жұмыс атқарылуда. 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.

«Жайлы мектеп» – сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны белгілі. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады. Мемлекет басшысы айтқан «Жайлы мектеп» аудан бойынша  Сағыз ауылында салынады деген жоспар бар. Алты жүз балаға арналған  бұл мектеп заман талабын сай жабдықталған білім ордасы болады. Құрылыс жұмыстары «Самұрық-Қазына» қоры демеушілігімен басталып, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілмек. Бір қуаныштысы – ауданда үш ауысымды мектеп жоқ. Барлығы екі ауысымды. Жыл сайын аудандағы мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңаруда. 
Заманауи форматтағы мектептер барлық ел балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады.

Қанат АЛПАНОВ, 
аудандық білім бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT