Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында» дегенді жиі айтып, білімді һәм өнерлі жастарды үнемі қолдап келе жатқаны белгілі. Соның бір жарқын дәлелі – Астана қаласында өткен республикалық дарынды оқушылардың форумы.
Оған еліміздің әр өңірінен оқуда озат, өнерде зор табысқа жетіп жүрген оқушылар қатысты. Аталмыш форумға ауданымыздан Миялы өнер мектебінің ақындық сыныбының оқушылары Сымбат Ғұмар мен Жансезім Мақсот та қатысып, шара барысында қос жерлесіміз арнайы «Республика дарыны» төсбелгісімен, диплом және статуэткамен марапатталды. Оқушылардың мұндай жетістікке жетуіне Миялы өнер мектебі ақындық сыныбының жетекшісі Бағдагүл Қайыңбайдың қосқан үлесі зор. Бұл марапат оқушылардың шабытына шабыт қосып, алдағы уақытта зор жетістікке жетелері хақ.
Дулат БЕРІКҰЛЫ