Басылым беттеріндегі өзекті материалдардың саны мен сапасы оқырманға әрқашанда лезде байқалады.
Кез келген жазылған мақаланың тұздығы мен ішіндегі түйінінің ауданға тигізер пайдасы болуы тиіс.
Бұл аудандық «Қызылқоға» газетінің негізгі ұстанымының бірі. Бұл басылым туралы менің айтарым да, жазарым да көп. Себебі, мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен жылдарымда тығыз байланыс жасадым. Соның ішінде, 1984-2000 жылдары аралығында Ойыл ауылдық округінде әкім болып қызмет атқарған уақытымда, белгіленген жоспарлы газеттердің жоспарын орындауда үздік болатынбыз. Ал, бұл жоспар қалай орындалады десек, аудандық «Қызылқоға» газетімен қоса, «Қазақстан әйелдері», мемлекеттік қызмет журналдары, облыстық газеттер барлығына белгілі бір маман бөлініп, ол үздіксіз қадағалап, нәтижесі күнбе-күн көрсетілетін.
Сондай-ақ, халыққа насихат жұмыстары көбірек жүргізілді. Аудандық газетке аудан тұрғындары біреудің қолдауынсыз-ақ жазылады. Себебі, ауданмен бірге өсіп, түйткілді мәселелерді шешуге септігі тиіп келеді. Тағы бір қоса кететінім, қазіргі өлке тарихы жақсы зерттелуде. Бұл аудандық газеттің бірден-бір жаңа жетістігі. Себебі, мен басқа да аудандық газеттерді алып, салыстырмалы түрде қарағанымда, «Қызылқоғада» проблемалық мақала, зерттеулер, еңбек адамдары, әзіл әңгімелер көп жазылады. Сондай-ақ, фотоэтюдтер де көрініс беріп жүр. Өзім аудандық газетке жылма-жыл бір жылға жазыламын. Және желтоқсан айын күтіп жүрмеймін. Мұны әрине қазіргі бөлім, мекемелермен газеттің тұрақты оқырмандарына айтып отырмын. Әр үйдің төрінде бір «Қызылқоға» газеті жатып, одан аудан жаңалықтарын үзбей оқып отырса нұр үстіне нұр емес пе?! Ендеше, осындай баспасөз науқаны қарсаңында, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» аудандық газетке жазылудан қалыс қалмайық.
Ұлдай ӘЙТІШОВА,
Мемлекеттік қызмет ардагері.