Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨҢІЛДІ ЕРТЕҢГІЛІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында  оқу-ағарту министрлігі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» атты тұжырымдаманы әзірледі. Тұжырымдама аясында 22 мамыр – «Отбасында өмір сүру» атты тақырыптық күн бекітілді. Осыған орай, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.

Орталық алаңда балаларға көңіл күй сыйлау үшін әсем безендірілумен әуезді әуен ойнап тұрды. Жүздері балбұл жанған бүлдіршіндер, көңілді ертегі кейіпкерлері шараның шырайын кіргізді. Оған жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінен қызмет алатын балалар мен ата-аналары, Миялы балалар өнер мектебінің шәкірттері, «Жасұлан» балалар бақшасы «Айшуақ» тобының тәрбиеленушілері қатысты. 

Ертеңгілікте Миялы балалар өнер мектебінің «Айжан-ай» бишілер тобының «Құлпынай», «Парижге саяхат» биін билеп, «Аманат» әншілер тобы «Көкорай», «Болашағы елімнің» әндерін, жас әнші Исламбек Досболұлы «Менің әкем» әнін орындады. Шара барысында көңілді ертегі кейіпкерлері балалармен бірге би билеп, тілек шарларын бірге ұшырды. Кеш соңында аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары Гүлжамал Озғанбаева сөз сөйлеп, шараға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіріп, кітапхана қызметкерлері өнерлі бүлдіршіндерге сыйлықтар мен тәттілер таратты. Ал, мереке қарсаңында миялылық жеке кәсіпкер Ғалия Нуптиева демеушілік көрсетіп, жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінен қызмет алатын балаларға сыйлықтар ұсынды. 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT