Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БАСТЫСЫ- НЕ БОЛҒАНЫН ХАБАРЛАУ ЕМЕС, ЖАЙЫҚТЫ ҚҰТҚАРУ!»

Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың қатысуымен балықтың жаппай қырылуын тексеруге арналған ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткен болатын.

Мәжіліс барысында мәлім болғанындай, екі күн ішінде арнаулы автобаза, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, балық шаруашылығы басқармаларының қызметкерлерімен жарты тоннаға жуық (493 кг.) өлі балық жиналып, актіленген соң, жойылды. Мамандардың айтуынша, шара кезінде алынған барлық мәліметтер құқыққорғау органдарына тапсырылып, аталмыш факті бойынша бұдан бұрын көтерілген қылмыстық іске қосылады екен.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы хабарлағанындай, «Амангелді» балық кооперативінің кемесі Дамбы мен Темір жол көпірі аралығындағы өзен бетіндегі мұзды жарып шыққан екен. «Бұдан әрі табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың өзенде пайдаланатын техникасымен бүкіл өзеннің бойындағы өлі балық жиналады»,- деді ол. Атырау облысының бірінші орынбасары Серік Шапкенов жиналғандарға атап өткеніндей, ведомствоаралық комиссия бірқатар жұмысты атқарып, болған оқиғаның себеп-салдарын жіті қадағалап, жағдайға нақтылы қадағалау орнатқан екен. – Әртүрлі арандатушылыққа және астыртын түрде кедергі келтірушілерге жол бермеуіміз керек. Қазіргі уақытта тергеу құпиялылығын сақтау мақсатында кейбір жәйттарды жария ете алмаймыз. Ең бастысы, не болғанын хабарлау емес, Жайықты құтқару. Осыны естен шығармайық. Жағдай облыстағы барлық құзырлы органдардың және аймақ басшылығының назарында, - деді Шапкенов мырза. Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы хабарлағанындай, өзен жағалауын өлі балықтан тазарту үшін мамандарға көмектесуге қоғамдағы белсенді азаматтардан бастамашыл топ құрылыпты.

Бұл өте орынды және уақытылы бастама екен, оларға қолдау көрсетуіміз керек. Бірақ, ең алдыменен, қауіпсіздік жағдайын да естен шығармаған абзал. Жағалауда Төтенше жағдайлар департаменті, мамандар балықты өзеннен жинауы керек, ал еріктілер жағалауда, қауіпсіз аймақта тазартқаны дұрыс,- деді Серік Шапкенов. Мәжіліс қорытындысымен 10 наурызда өзенді өлі балықтан тазартуға шыққан адамдардың сағат 10. 00-де жиналу үшін 4 орын белгіленді.

1-інші орын: айналма көпірден бұрыңғы АХАЖ (ЗАГС) көпіріне дейінгі аралық (координаторы Әйгерім Досқалиева, тел. нөмірі: 8775 454 0490); 2-інші орын: АХАЖ көпірінен Әлиев көпіріне дейінгі аралық (координаторы Шынар Ізтелеуова, тел. нөмірі: 87017812968) ; 3-інші орын: Х. Досмұхамедов атындағы университеттен Жилгородок ықшамауданы маңындағы көпір аралығы (координаторы Сара Жұмақұлова, тел. нөмірі: 8701 4343998); 4-інші орын: Жилгородок ықшамауданы көпірі маңынан Балықшы ықшамауданына дейінгі аралық (координаторы Мейрамгүл Есниязова, тел. нөмірі: 8775 0288336). Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, барлық жерлерде де Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, «Арнайы автобаза» ЖШС мамандарының кезекші қосындары қызмет көрсетіп, өзенді тазалау үшін техникамен, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT