Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақпараттық топ жолға шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бүгінде ел арасында қызу талқыға түсуде.

Бұл орайда, аталмыш Жолдауды насихаттау мақсатында аудан әкімдігі жанынан ақпараттық насихат тобы құрылып, ауылдық округтер мен елдімекендерді аралауда. Соған сай, өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мен Миялы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Иғали бастаған топ Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте болып, Жолдау жүктеген басым міндеттер туралы түсінік берді.

Аталмыш жиында мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлфайрус Әнжан мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Бейісов Жолдауды қолдайтындарын айтып, пікір білдірді. Аталмыш ақпараттық топ содан кейін аудан басындағы басқа да мекемелерде болып, Елбасы Жолдауында айтылған бағыттарды жұмыстарын жалғастырды. Айта кетейік, ауданда Жолдауды насихаттау мақсатында он ақпараттық топ құрылды. Бүгінде барлық топ өздеріне бөлінген ауылдық округтерді аралап, Жолдауды насихаттау үстінде.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT