Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАУАПТЫ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСАЙЫҚ!

Бүгінгі референдумнан ауданға, ауылға үлгілі, берекесі жарасқан отбасылар да қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – сағыздық Тоқтарқұл Нұғманов пен жұбайы Қаламқас Нұрман.

Қос зейнеткер таңмен таласа Сағыз орта мектебінде орналасқан №156 учаскелік референдум комиссиясына келіп, дауыс берді.

- Бұл – аса жауапты саяси науқан. Сондықтан қалыс қалуға болмайды. Соған сай, жұбайымыз екеуміз келіп, өз таңдауымызды жасап отырмыз. Меніңше ел болашағына алаңдайтын әрбір азамат келіп, дауыс беруі керек - дейді жақында ғана ауданның Құрметті азаматы атанған Тоқтарқұл Нұғманов.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT