Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДАУЫС БЕРІП СЫЙЛЫҚ АЛДЫ

Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте орналасқан №144 учаскелік референдум комиссиясы тізіміне дауыс беретін 1677 адам енген.

Дауыс беруге бірінші келген ауыл тұрғыны Бағытжан Жексеновке учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Қайсар Аққожиев сый сияпат жасады. Ертемен келіп өз таңдауын жасаған ауданның Құрметті азаматы Хамидолла Әбдірахманов бүгінгі өтіп жатқан референдум елімізде маңызды шара болып табылатындығын, оған мүмкіндігінше барлық тұрғын қатысуы тиіс екендігін, өйткені ел болашағы үшін әр адамның дауысы маңызды екендігін жеткізді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT