Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143 учаскелік референдум комиссиясы таңғы сағат 7.00-де өз жұмысын бастады.
Еліміздің Әнұраны орындалған соң учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Ақтоты Тасжанова референдумға дауыс берудің басталғанын хабарлады. Алғаш болып әдеттегідей ауыл тұрғыны Мәлік Бегешов дауыс берді.
– Дауыс беру құқына ие болғаннан бері елімізде өткен сайлаудан қалып көргенім жоқ. Бүгінгі өтіп жатқан референдумға қатысып, еліміздің болашағы үшін дауыс беру мен үшін маңызды. Бұл менің азаматтық міндетім деп есептеймін, - дейді Мәлік Бегешов.
Алғаш болып дауыс бергендердің қатарында биыл 80 жасқа толған ауыл тұрғыны Серікбай Жалбай мен зайыбы Клара Қазмағанбетова да бар.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ