Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ

Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Мен бүгін аудан тұрғыны ретінде өз таңдауымды жасадым. Ауданымыздың дамуына үлес қосып, өркендеуіне атсалысып жүрген азаматтарға сәттілік тілеймін.

Осы жылы ауылымызда көп жақсы жұмыстар жасалды. Алда жасалатын жұмыстар халықтың игілігіне бұйырсын. Бұрынғы жасалған жұмыстардың қателіктері өз кезеңімен түзетіліп келеді.

Оған ауыл тұрғындары куә. Көшелер жарықтандырылды, ауыл ішілік көшелерге асфальттар төселді, стадион қолданылуға дайын, әр салаға үйлер берілді, түгел қамтылмаса да ауруханаға білімді дәрігерлер келді, білім, спорт, мәдениет саласынанда жақсы жетістіктер бар. Ауданға қарасты ауылдарда да жақсы істер атқарылуда.

Жастар жаңа бағытта кәсіп ашып, ауылымызға жаңаша өзгерістер келді. Лайым жақсы істер жалғасын тапса деймін.Еліміз тыныш, халқыыз сау болсын!

Айнұр АДАМБАЕВА,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521