Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТЫЛ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Денсаулық жағдайына байланысты сайлау аумақтарына келе алмаған тұрғындарға үй жағдайында таңдау жасауына мүмкіндік жасалды.

Миялы ауылындағы №144 сайлау учаскесіне үйден дауыс беруге 12 адам өтініш берген. Солардың қатарында, тыл ардагері, көпбалалы ана Зәуреш Самбаева бар. Ол бүгінгі сайлаудың әділ өтетініне сенім білдіре отырып, өз таңдауын жасап, сайлау комиссиясының мүшелеріне сәттілік тіледі.

– Мен Көлдіқұдық мекенінде дүниеге келдім. Тылда бірнеше жыл еңбек еттім. Аллаға шүкір, күміс алқа иегерімін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді қарт ана

Алмас ҚАБДОЛОВ

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521