Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАНГЕЛДИНДІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Жангелдин ауылындағы мәдениет үйінде орналасқан №146 сайлау учаскесінде 945 дауыс беруші тіркелген. Олардың 17-нің мүгедектігі бар.

Осы уақытқа дейін сайлаушылардың тең жартысы дауыс беріп үлгерген. Өз аудан әкімдерін сайлауға асыққан тұрғындардың белсенділігі көрініп тұр.

Сайлау барысында ауыл жастары арасында гір тасын көтеру, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Оған қоса, ауыл тұрғындары жәрмеңке жасап, келушілерге табиғи өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ, аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Лес Хамидуллин ауылдық округке қарасты 24 шаруа қожалыққа барып, сайлаушылардың дауыстарын алу ұйымдастырылатындығын тілге тиек етті.

Алмас ҚАБДОЛОВ

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз