Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАЙСОЙҒАНДЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА 

Ел игілігі үшін аянбай еңбек ететін аудан әкімін сайлауға Тайсойған ауылдық округіне қарасты  №154 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-де еліміздің әнұранымен басталды.

Одан кейін, ауыл тұрғындары дауыс беруді  бастады. Бұл ретте, №154 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Сексенбай Түзгенбайұлы:

-    Бұл сайлау, Жаңа Қазақстанның жаңашылдығын көрсеткен сәт. Бұрынғыдай емес, енді аудан әкімін халық сайлайды. Сол себептен әр тұрғын өз таңдауларын әділ түрде жасайды деген ойдамын. Біз шалғай жерде болсақ та, көштен қалмай таңғы сағат 7:00-ден дауыс беруді бастадық. Таңертең ертемен келген ауыл тұрғындарын көріп, аудан үшін алаңдайтыны сезілді,-деді.

          Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT