Жантерек елді мекенінің тұрғындары бастауыш мектепте орналасқан №163 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасауда.
Солардың ішінде ұзақ жылдан бері теміржол саласында жұмыс жасап келе жатқан Қуаныш Ізтұрғанов:
«Аудан әкімін сайлау тұңғыш рет өтуде. Ауданның болашағын ойлайтын әр тұрғын сайлауға қатысуы керек. Бұл ретте, мен де учаскеге бірінші келіп, өз дауысымды бердім» дейді.
Сайлау учаскесінің төрағасы Гүлжауған Сұлтанованың айтуынша, елді мекенде тіркелген 177 сайлаушының 72-сі, дауыс берді.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ