Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАНГЕЛДИНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕ

Жангелдин ауылдық округіне қарасты №146 сайлау учаскесіне тұрғындар таңнан бастап келе бастады. Ең қызығы, «Жангелдин» мәдениет үйінің алдында сайлаудың құрметіне орай ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкесінен сауда жасаушыларды байқадық.

Қолайлы бағада кондитерлік өнімдер (торт, тәтті бөлкелер), ыстық бәліштер, сары май, тары-талқан сатылуда. 

 – Сайлау аясында халыққа тиімді болсын деген мақсатта жәрмеңке ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндай жәрмеңкелерді кішкентай кезімізден көріп жүрміз. Ата-анамыз дауыс беруге барғанда бізге тәттілер алып беретін. Ең бастысы, осындай жауапты күні халыққа жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілердің азық-түлік қауіпсіздігі үшін алаңдамауына болады. Барлық тауар өндірушілерде сатылатын өнімнің шығу тегі мен тиісті сапасын растайтын құжат бар.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT