Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрылыс саласының жағдайы алаңдатады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттар Айдар Алибаев, Тазабек Сәмбетбай, Ирина Әлімжанова және бір мандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Берік Ағыбаев Алматы қаласы М.Ганди саябағы аумағында «Құрылыс және сейсмикалық тәуекел проблемалары» тақырыбында өткен митингке қатысты.

Өз сөзінде Ирина Әлімжанова Алматы мен оның маңайы сейсмикалық тұрғыдан алғанда бүкіл Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең қауіпті аумақ саналатынына тоқталды. Ал Тазабек Сәмбетбай болса, еліміздегі құрылыс саласында жемқорлықтың белең алғанына алаңдаушылық білдірді. Іс-шараға сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері де қатысты. Митинг соңында резолюция қабылданып, тиісті органдарға жіберілді. Ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Анаргүл Әбенова «Домостроитель» ӨК ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кандидаттың пікірінше, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өз сайлауалды бағдар­ламасына сәйкес тұрғын үй бағдарламаларын то­лықтай қайта қарастыруға ниетті. Партия қол­жетімді ипотекаларды субсидиялауды жалғас­тыруды ұсынады. Бірақ оның шарты өзгеріп, жергілікті бюджеттер көмегімен әрі жергілікті мәсли­хаттың қа­дағалауымен іске асырылуы керек. Тұрғындармен кездесуде кандидат халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың тың тетіктерін ойластыру қажет екенін алға тартты. «Қазақстанда несиеге «байланған» адам көп. Негізінде халықтың несиелену деңгейі экономикалық өсіммен қатар жүруі керек еді. Ал азаматтардың банк алдындағы қарызы эконо­микалық өсімнен асып түскен. Ұлттық банк жүргізген сауалдама нәтижесі экономикалық белсенді немесе кішігірім қызметте жүрген азаматтардың 90 пайызының айлығы шайлығынан аспайды. Демек қазір жұртшылықтың қарызсыз өмір сүруі барынша шектелген. Несие ресімдеген кезде қарыз алушының төлем қабілеті, табысы ескерілетіні белгілі. Соған қарамастан бір адамның бір мезгілде бірнеше несиені қатар алуы тыйылмай отыр», деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT