Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түбегейлі өзгеріс тұғырнамасы

Әлемдік өркениет
Әлемдік өркениет

 «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабының мүшелері Ақтөбе облысында кездесулер өткізді.

Азат Перуашев, Қазыбек Иса және Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бастаған республикалық штаб мүшелері Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғындарымен кездесті. «Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Бұл өзгерістер елдің әл-ауқатын арт­тыруға бағытталуы керек. «Ақ жол» пар­тия­сының басты мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына қажетті жағдай жасау, оның құқық­тары мен бостандықтарын құрметтеуге, барлық азаматтың өмір сүру деңгейі мен сапасын ұдайы көтеру, сондай-ақ Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуі», деді А.Перуашев. Сонымен қатар Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының іргелі негізін қалаған Алаш қозғалысының ізбасары екенін, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды, әлемдік өркениеттің озық жетістіктерімен ұлттық мүдделерді тоғыстыруды мақсат еткенін атап өтті. Кездесу барысында кандидаттар партияның саяси бағдарламасын таныстырып, Парламентте атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бағдарламаның негізгі алты қағидатын атаған ақжолдықтар жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілік, ауыл­ды ипотекалық несиелендіру, ауыл жастарын қолдау және медициналық сақтандыру бойын­ша жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдаған республикалық штаб мүшелері Ақтөбе қаласына атбасын бұрды. Онда «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерімен кездесті. «Ақ жол» партиясы – кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің өкілі. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін жұмыс істейміз. Мақсатымыз – сіздер сияқты өз ісін тауып, отбасын асырап, жұмыс орындарының ашылуына үлес қосып жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету. Бүгінде елдің ең үлкен мәселесі – байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық. Мұны бизнестің жұмысына кедергі келтіру арқылы емес, азаматтардың табысын арттыру арқылы, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету арқылы реттей аламыз», деді А.Перуашев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT