Ел дамуындағы маңызды күндердің бірі – сайлау. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірқатар саяси реформалардың алғаш рет осы науқанда іске асырылып жатқанын да жақсы білеміз.
Соның ішінде партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға арнайы 30 пайыздық квотаның енгізілгенін, парламенттік оппозиция институтының заңмен бекітілуін және саяси партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілуін ерекше атап өтуге болады. Осы ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген депутаттардан халық игілігі үшін оң өзгерістер күтемін. Әділетті Қазақстанның жарқын да даңғыл болашығы үшін өз таңдауымды жасадым.
Айнұр НҰРҒАЛИЕВА,
«Жасұлан» балалар бақшасының психологі