Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәжіліске алты партия өтті

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды
Алдын ала жүргізілген exit-poll қорытындысы бойынша Мәжіліске алты партия өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Аманат партиясы (53,33%),
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%),
  • Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8,87%),
  • Қазақстан халық партиясы (6,93%),
  • Республикалық партия (8,33%),
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%).

Бірақ «Байтақ» жасылдар партиясы өтпеді. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады.

«Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.

"Exit-poll қорытындысы бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ "Байтақ" партиясы өз күшімен ұсынылған бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырады", - деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, жаңа парламентке ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі.

Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT