Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жауапкершілігі де, маңызы да зор

Күні кеше Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы аяқталды. Елімізде былтырғы референ­дум­нан кейін алғаш рет мажори­тарлық сайлау жүйесі енгізілді.

Осыған орай, Парламент Мәжілісі және мәсли­хаттар депутаттығына өзін өзі ұсынушылардың қатары көбейді. Тізімде жаңа партиялар да бар. Сол себептен, бұрынғыдан өзгеше болған бұл сайлаудың жауапкершілігі де, маңызы да зор.

            Ауыл тұрғындары да сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Енді, халық сенімін арқалаған депутаттар сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға жұмыстануы керек. Бұл ретте, біраз жылдан бері айтылып келе жатқан «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолын тездетіп бітіруге атсалысса деймін. Сондай-ақ, жұмыссыздықты азайту, білім сапасын көтеру, жастар тәрбиесі, ауыл шаруашылығы саласын дамытуды да ұмыт қалдырмай, сайлаушылардың сенімінен шықса игі.

Сәрсенбай ҚОЙШЫБАЕВ,

Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT