Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘЖЕЛЕРДІҢ АҚ БАТАСЫ

Бүгін аудандық мәслихаттың №4 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтіп жатыр. Бұл ретте, Ойыл ауылдық округіндегі сайлау «Шалқыма» мәдениет үйінде орналасқан №147 сайлау учаскесінде дауыс беру әдеттегідей таңғы сағат жетіде басталды.

Сайлауға үш кандидат қатысуда. Учаскеге ертемен келген сайлаушылар өз таңдауларын жасап, бір кісідей дауыс беруде. Сайлау учаскесіне ертемен келіп, бірінші дауыс берген Нұрбол Жайлыбаев:

«Депутат – халық қалаулысы. Яғни, халықтың тілегін, мұң-мұқтажын билікке жеткізуші. Сондықтан сайлау қорытындысымен жеңіске жеткен депутат өз сайлаушыларының сенімін ақтап, ауылымыздың дамып, өркендеуіне өз үлесін қосады деп ойлаймын» деді.

Сондай-ақ, сайлау учаскесіне ардақты аналар Тәнзила Қажікенова мен Нағи Қазиева отбасымен келіп, өз таңдауларын жасады. Түстен кейін Аққора елді мекеніне, шаруа қожалықтарына және округ орталығындағы өтініш берген тұрғындардың үйлеріне комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін апарды. Тыл ардагерлері Ақзада Құлманова мен Болсынай Мұқан оларға алғысын білдіріп, батасын берді. Аталмыш сайлау учаскесінде 1336 сайлаушы бар. Қазіргі таңда олардың 42,07 пайызы дауыс берді.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT